Костанай облысы
Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қостанай облысы — Қазақстан Республикасының солтүстігіндегі әкімшілік - аумақтық бірлігі болып табылады. 1936 жылы29 шілдеде бұрынғы Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде құрылған. 1936 жылы Ақтөбе және Қарағанды облыстарының құрамынан бөлу арқылы жаңа облыс пайда болғаннан басталды. Сол сәттен бері облыс орталығы Қостанай қаласы болып келеді. Облыс құрылған сәттен бастап Қазақстанның жетекші аграрлық өңірлерінің біріне айналды. 1950-1960 жылдары «тың игеру» кезеңінде өңірдің ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды. Бұл кезеңде темір кен орындары да белсенді түрде игеріле бастады. Нәтижесінде облыстың индустриясын қалыптастыруда шешуші рөл атқарды. Дәл сол кезде 1957 жылы облыс картасында Рудный қаласы пайда болды, бүгінде ол облыстағы қалалардың ішінде халық саны бойынша екінші орынды иеленіп отыр.
Жер көлемі: 196 мың. км2.
Әкімшілік бөлініс: Облыс орталығы – Қостанай қаласы. Қостанай облысына 6 қала (1 облыс орталығы – Қостанай қ., 4 моноқала – Арқалық, Жітіқара, Лисаковск және Рудный қалалары, 1 шағын қала – Тобыл қ.), 16 аудан, 517 ауыл және 7 кент кіреді.
Қостанай облысына жататын аудандар мен қалалар:
- Қостанай қаласы
- Лисаков қаласы
- Рудный қаласы
- Арқалық қаласы
- Алтынсарин ауданы
- Амангелді ауданы
- Әулиекөл ауданы
- Денисов ауданы
- Жангелдин ауданы
- Жітіқара ауданы
- Қамысты ауданы
- Қарабалық ауданы
- Қарасу ауданы
- Қостанай ауданы
- Меңдіқара ауданы
- Науырзым ауданы
- Сарыкөл ауданы
- Бейімбет Майлин ауданы
- Ұзынкөл ауданы
- Федоров ауданы
Халық саны: 2024 жылғы 1 сәуірге Қостанай облысы халық саны 828,8 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 518,3 мың адам (62,5%), ауыл тұрғындары – 310,5 мың адам (37,5%). Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 160 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңде – 208 адам).
Салалық статистика: 2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 910620,6 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 3,8% артық.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазу өңдірістің өсімі 7,8%, өңдеу өнеркәсібінде – 1,9%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауамен кондиционерленген жабдықтауда – 16,6%. Сумен жабдықтауда; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте өнеркәсіптік өндіріс индексінің 0,6% азайды.
2024 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 52511,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірге салыстырғанда 100,5% құрады.
2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 8375 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірге салыстырғанда 90,8% құрады.
Кәсіпорын статистикасы: Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 қаңтарға 14830 бірлікті құрап, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 14436 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 12997 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 12605 бірлікті құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 11519 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,1% артты.
Білім: 2024 жылғы ақпан айына білім саласын білім беру желісі 763 ұйымнан (674-мемлекеттік, 89-жекеменшік) құралған: 183 балабақша (115-мемлекеттік, 68-жекеменшік), 5 жекеменшік шағын орталық (мемлекеттік емес), 445 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 5 кешкі мектеп; 9 жекеменшік мектеп (мемлекеттік емес), 33 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (24 мемлекеттік білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), 26 арнайы білім беру ұйымы, 8 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым, 48 қосымша білім беру ұйымдары (оның ішінде 1 жекеше – Балалар инклюзивті академиясы), 1 ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу: Облыста 183 балабақша, оның ішінде 68 жекеменшік балабақша (2022 жылғы 4 тоқсанда – 186, оның ішінде 68 жекеменшік) және 335 шағын орталық, оның ішінде 5 жекеменшік (2022 жылғы 4 тоқсан-350, оның ішінде 6 жекеменшік) жұмыс істейді. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту - 90,5%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 99,9% құрады (2022 жылғы 4 тоқсан-99,9%). Мектепке дейінгі ұйымдарға – 8 341 бала, оның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі – 2 892 бала кезегі сақталады.
Жалпы орта білім беру: Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісі 465 мектептен тұрады, оның ішінде 445 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер, 6 мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдары, 5 кешкі, 9 жекеменшік мектептер (2022-2023 оқу жылы – 476 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер, 5 кешкі, 7 жекеменшік мектептер). Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санының 108-і мемлекеттік тілде оқытатын, 115-і аралас мектептер. Өңірде шағын жинақты мектептер басым екенін ескере отырып – 288 немесе 65% (2022-2023 оқу жылында – 66,5%), оқу бағдарламаларын табысты игеру үшін бүгінгі таңда 20 ресурстық орталық жұмыс істейді, 63 ауылдық мектепке 41 қалалық мектептің қамқорлығы ұйымдастырылды. Елді мекендерде тұратын, тиісті үлгідегі мектептері немесе мектептері жоқ балалардың жалпы орта білім алуы мақсатында 2023-2024 оқу жылында 2 999 оқушыға (2 656 – күнделікті, 343 – апта сайын) тасымалдау ұйымдастырылды және 19 мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді.
Қорғаншылық және қамқоршылық және арнайы білім беру ұйымдары: Облыста 1500-ден астам баланы қамтитын 24 арнаулы ұйым (6 арнаулы мектеп және мектеп-интернат, 14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалы консультация) жұмыс істейді. 2023 жылы қадамдық қолжетімділікте жағдай жасау мақсатында облыстың 5 ауданында инклюзияны қолдаудың 5 кабинеті ашылды.
Техникалық және кәсіптік білім беру: Қостанай облысының ТжКБ ұйымдарының желісі 33 оқу орнынан тұрады, оның ішінде 26 мемлекеттік мекеме, оның ішінде 2 денсаулық сақтау басқармасының ведомствосында және 7 жекеменшік мекеме. Білім алушылар контингенті 22 мыңнан астам адамды құрайды (22 208), оның ішінде 18 271 адам мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды немесе 82,2% (2022-2023 оқу жылы – 17 128 немесе 76%).
Жастарды колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқытумен қамту мақсатында (9 сынып түлектері) жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі орта есеппен 300-500 орынға ұлғаяды.
Мәдениет: Қостанай облысы табиғи және мәдени мұраға бай. Өңірде 1140 тарих және мәдени ескерткіштері орналасқан, оның ішінде 5 республикалық маңызы бар (екі мәрте Кеңес Одағының батыры Л.И.Беданың мүсіні, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры И.Ф.Павловтың мүсіні, Ы.Алтынсариннің ескерткіші, Екідің I және II ғұрыптық ескерткіштері) және жергілікті маңызы бар 1135 тарих және мәдениет ескерткіші, оның ішінде 1051 археология, 39 қала құрылысы және сәулет ескерткіші, 4 киелі объект және 41 монументтік өнер құрылысы.
Қазақстанның киелі жерлерінің картасына облыстың 39 нысаны (жалпыұлттық маңызы бар - 10, өңірлік маңызы бар - 29) енгізілген.
Облыстың жалпыұлттық маңызы бар тарихи ескерткіштерінің ішіндегі ең танымалы VIII – IX дәуірдің Екідің I және II ғұрыптық ескерткіштері, Бестамақ қорымы, Лисаковск археологиялық кешені.
Қостанай облысында орналасқан Торғай алқабы қола дәуірінің бірегей археологиялық ескерткіштері - Торғай геоглифтері (Үштоғай төрттағаны, Торғай трикветрі) табылғаннан кейін ғана әлемге әйгілі болды.
Ал Қостанай қаласынан 7 шақырым жерде Тобыл өзенінің жағалауында орналасқан қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің кесенесі біздің өңірдің ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышына айналды.
ХІХ ғасырдың аяғындағы Қостанай қаласының көрнекті сәулет ескерткішінің бірі «Ақмешіт» мұсылмандар мешітінің ғимараты болып табылады. 2019 жылдың қыркүйек айынан 2020 жылдың мамыр айына дейін мешіт ғимаратында ғылыми-реставрациялық жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда Ақмешіттің әсем де зәулім ғимараты қала тұрғындарының көз жауын алып, Қостанайдың басты көрікті жерлерінің қатарынан орын алды. Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақкөл ауылына жақын жерде Ахмет Байтұрсыновтың өмірге келген үйі бар. Сонымен бірге әулеттің үлкен қорымында Ахметтің әкесі Байтұрсын, ағалары Қали және Мәшен жерленген. 2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуын мерекелеу аясында А.Байтұрсынұлының жаңа Музей-үйі салынды.
Қостанай облысында 9 мемлекеттік музейлер бар. Олардың әрқайсысы тарихи-мәдени мұраны сақтауға және насихаттауға, өңірдің мәдени ортасын қалыптастыруға, жас ұрпақтың жасампаз өмірлік ұстанымын және этникалық сана-сезімін дамытуға зор үлес қосып келеді.
Бүгінгі күні облыс музейлерінің қоры - 318492 жәдігерден, негізгі қоры - 206831 жәдігерден тұрады.
Музейлердің археологиялық жиынтығында, әлемге танымал алғашқы қауымдық өнердің ғажайып туындысы «Тобыл ойшылы», найза ұштары, балық бейнеленген күмістен құйылған айна және т.б. бар.
Денсаулық сақтау: Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторына 489 медициналық нысан кіреді. Облыс тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді: 29 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 7 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 451 амбулаториялық-емханалық ұйым және МСАК объектілері (1 жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 ЖИТС орталығы, 7 емхана, 40 дәрігерлік амбулатория, 73 фельдшерлік-акушерлік пункт, 329 медициналық пункт). Облыстың медициналық ұйымдарының төсек қоры 4 361 орынды құрайды. Облыста 1 892 дәрігер және 5 964 орта медицина қызметкері жұмыс істейді.
Туризм: Облыстың кең аумағы мен табиғи ландшафттарының алуан түрлі болуы, су қоймаларының жағалауында демалыс базалары мен қонақ үйлердің болуы сауықтыру, экологиялық, мәдени-танымдық турларды, сондай-ақ демалыс күнгі турларды ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Осылайша, Қостанай облысының аумағында 6 шипажай-курорттық бағыттағы объектілер жұмыс істейді: 2 санаторий («Сосновый бор», «Жайлау», Алтынсарин ауданы), 1 профилакторий («Денсаулық», Жітіқара ауданы), 3 оңалту орталығы (мүгедектерге арналған облыстық оңалту орталығы, Қостанай қ.; балаларды оңалту орталығы, Рудный қ., М. Қарабаев атындағы облыстық оңалту орталығы, Меңдіқара ауданы).
Шипажайлар Алтынсарин ауданының аумағында минералды су және сульфатты-балшық, қарағайлы орманды көлдер маңында орналасқан және емдік, диагностикалық және профилактикалық қызметтердің, су және балшықпен емдеудің, климаттық терапияның, сондай - ақ түрлі ойын-сауық және спорттық-сауықтыру қызметтерінің тізбесін жүзеге асырады.
Сондай-ақ, Қостанай қаласының аумағында орналасқан «Therma park» СПА-кешені туристердің үлкен қызығушылығын тудырады. Бұл көлемі 18 000 шаршы метрден асатын бірегей сауықтыру кешені болып табылады, Қазақстанның солтүстік өңірлері арасында оның баламасы жоқ. Термопарк «Kostanay Plaza» сауда-ойын-сауық орталығының төрт деңгейінде (оның ішінде төбесінде) орналасқан және оған 24 су-монша кешені (орыс, фин, тұз, тас және басқа да монша түрлері), су аттракциондары, 5 бассейн, оның ішінде термалды, оның екеуі ашық аспан астында, 2 джакузи, 4 офуро (дәстүрлі жапон ваннасы) бар. Термапарктің жалпы сыйымдылығы – 1600 адамды құрайды.
Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының алуан түрлілігі мен бірегей табиғатының байлығы экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қорық ЮНЕСКО-ның мәдени мұра нысандарының тізіміне енгізілген. Қорық аумағында 6 экскурсиялық маршрут әзірленген. Барлық маршруттар туристерге ыңғайлы болу үшін беседкалар, 3 тілдегі ақпараттық стендтер, қоқық жәшіктері, дәретханалар және орындықтармен жабдықталған.
2022 жылы Науырзым қорығы Мәдениет және спорт министрлігі өткізетін «Neo Nomad 2022» акциясының шеңберінде елдің туристер үшін белгіленген 20 туристік орындарының тізіміне енгізілген.
Одан басқа, өңірде 300 жуық ұсақ өзендер мен 5 мыңнан астам көл, 99 аңшылық шаруашылығы және 240 балық шаруашылығы су қоймалары бар, олар оқиғалы туризмге жататын аң және балық аулауды дамытуға ықпал етеді. Облыстың аңшылық шаруашылықтарының ауданы 16 млн. 648 мың га құрайды.
Сонымен қатар, жалпы өңірде 28 туристік маршрут әзірленген, олар оқиғалы, экологиялық, мәдени-танымдық экскурсиялармен, сондай-ақ демалыс күндерінің маршруттарымен ұсынылған.
Туристерге ыңғайлы болу үшін облыс аумағында 108 қонақ үй жұмыс істейді, нөмірлік қоры 2183 бірлік, оның ішінде облыс орталығында 46 қонақ үй орналасқан, нөмірлік қоры 775 бірлікті құрайды.
Жалпы облыс бойынша 3 қонақ үйдің «4 жұлдыз» санаты бар, олар «Медеу», «Тобыл», «Горняк» және «3 жұлдыз» санатындағы 2 қонақ үйлер «Palazzo» және «Целинная».