Тарих
Шығыс Қазақстан облысының аумағы ежелгі заманнан қоныстанған. Оның куәгері есебінде Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Тарбағатай мен Сауыр жоталарында ежелгі кеніштердің, суландыру жүйелерінің, бекіністер мен қоныстардың іздері сақталған. 15 ғасырдың бас кезінде Ертіс өзені алабының жоғарғы бөлігін ойраттар басып алғаннан кейін бұл жер Жоңғар хандығының құрамында болды. 1758 ж. Қытай әскерлері Жоңғар хандығын жойып жібергеннен кейін, қалмақтар Еділ өзенінің арғы бетіне кетті. Ал қалмақтардан ығысып, негізінде Сарыарқаны мекендеген қазақ рулары өздерінің ежелгі қоныстарына қайтып оралды. 18 ғасырдың бас кезінде патшалық Ресей қазақ жерін тереңдей отарлау мақсатымен қазақтарды ата қонысынан тықсыра отырып, қазіргі облыс аумағында Ертіс бекіністер желісін салды. Осы желінің бойымен біртіндеп бекіністер мен форпосттар жүйесі, ал одан кейініректе казак-орыс станицалары құрылды (1718 ж. Семей, 1720 ж. Өскемен, 1763 ж. Бұқтырма бекіністері) салынды. Казак-орыстардың мекендері Ертістің оң жағалауы мен оның салаларының бойында пайда болды. Ертіс өзенінің екі бірдей жағынан он шақырымдық шұрайлы жерлер (“Иртышская десятиверстная полоса”) қазақтардан тартып алынып, казак-орыстардың пайдалануына берілді. Яғни, қазақтарға Ертіс өзеніне 10 км-ден жақын жерде қоныстануға тыйым салынды. Қазақтар ең шұрайлы жерлерінен айрылып, ата қоныстарының атауларын жоғалтты, олардың орнына карта беттерінде сақталған орысша атаулар пайда болды. Бүкіл Ертіс өзеніне құятын салалары мен жыра-сайлар, жылғалар орысша аталып кетті. Станицалар біртіндеп оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай жылжи берді. 1826 ж. Қалба жотасының етегінде Көкпекті бекінісі, 1831 ж. Аягөз өзенінің оң жағасына таяу қазіргі Аягөз қаласына жақын жерде Сергиополь бекінісі, Шәуешек жолының бойында станицалар пайда болды.
Казак-орыс отарлауымен бірге Алтайдың тау аңғарларының шалғайдағы жетуі қиын тайгалық түпкірінде патша өкіметінен тығылып, қашып жүрген орыстар келе бастады. Олар кержактар (ескі ғұрыпты адамдар) мен Оралдың және Алтайдың зауыттары мен кеніштерінен қашқан жұмысшылар мен қолөнершілер еді. Бұлар Бұқтырманың жоғарғы ағысы мен оның салаларының және Нарын мен Қалжыр өзендері бойларында қоныстанды. Осы кезде Қатонқарағай, Белая, Черновая, т.б. ауылдар пайда болды. 18 ғасырдың 60-жылдарында Алтайдың солтүстік-батыс жағында Оба мен Үлбі өзенінің аңғарларында Ресейдің ішкі губернияларынан “поляктар” деп аталған шаруалар келіп қоныстанды. 18 ғасырдың соңында Кенді Алтайдың шегінде кен өнеркәсібі пайда болды. Мұнда бірінен кейін бірі Риддер (1784), Зырянов (1794), Белоусов (1797), Сокольный (1822), т.б. түсті металл кеніштері іске қосылды. 1844 жылдан Зырянов кеніші Алтай кен зауытттарының шикізат базасына айналды. Ресейде басыбайлылық құқықтың жойылуы салдарынан арзан жұмыс күшінен айрылған және тех. қайта құруды керек еткен Алтайдың кен өнеркәсібі күрт құлдырай бастады. Оны осы кезде Алтайдың кен өнеркәсібінің негізгі өнімі болып саналатын – күміс бағасының арзандауы ушықтырып жіберді. Алтай зауыттарының түгелдей дерлік жабылуымен бірге Алтайдың басыбайлылық кен өнеркәсібі ауданы, кейбір полиметалл кеніштері австралиялық, ағылшындық, франциялық, т.б. шетелдік капиталға концессияға берді.
19 ғасырдың соңынан бастап Семей қаласында өңдеу өнеркәсібі біршама дами бастады. Оның негізгі салалары: ұн тарту мен жүн жуу болды. Жиналған астық пен бидай ұны Ертіс арқылы кемемен 600 км-дей жердегі Сібір темір жолына жеткізіліп тұрды. Ал Қазақстанның бүкіл шығыс бөлігінен және ішінара Шыңжаң аймағынан (Қытайдан) жиналып әкелініп Семейде жуылған жүн алғашқы өңдеуден өткеннен соң, еуропалық Ресейдің шұға фабрикаларына жеткізілді. Өнеркәсіптің бұл екі саласынан басқа облыс жерінің әр тұсында орналасқан ірі елді мекендерде арақ-шарап пен сыра қайнату, сондай-ақ тері илеу, тон тігу, май және сабын қайнату өндірістері де болды. Зайсан, Марқакөл, Алакөл көлдері мен Ертіс өзенінің салаларында балық аулау кәсібі, Риддер мен Алтай ағаш және темір ұсталық кәсіптер орын алды. 19 ғасырдың екінші жартысында Ертіс өзенінде пайда болған кеме жол қатынасының маңызы күшейді. Кемелер Семейден Омбыға дейін, Зайсан көлі мен Қара Ертіс бойымен жоғары көтерілді.
Шығыс Қазақстан облысы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында елеулі дами қойған жоқ. Тек 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және елді индустрияландыру науқанын жүзеге асыруға байланысты Кенді Алтай Қазақстандағы түсті металлургия мен кен өнеркәсібінің ең ірі орталығына айналды. Алтайдың қазақтар тұратын бөліктерінде сан алуан елді мекендер пайда болды. Облыс экономикасының әрі қарай дамуына Түркістан – Сібір темір жолы мен Локоть – Риддер және Өскемен – Зырянов темір жолын салу, Ертіс өзенінің көліктік маңызын көтеру, Түрксіб темір жолы Жаңғызтөбе стансасынан басталатын “Шығыс айналма жолы” деп аталған жақсартылған қара жол салу едәуір әсер етті.
Климаты мен табиғаты
Шығыс Қазақстан облысы еліміздің шығыс бөлігінде орналасқан. Жер көлемі-277 мың шаршы шақырым Батыс бөлігі аласа таулы үстіртті шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігін Ресей, Моңғолия мен Қытайды Қазақстаннан бөліп тұрған табиғи шеп қызметін атқаратын Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Барлық-Майлы таулары алып жатыр. Таулардың абсалют биіктігі оңтүстік шығысқа қарай артады. Ең биік нүктесі Батыс және оңтүстік Алтайдың түйіліскен жеріндегі Қатын жотасындағы Мұзтау шыңы (4506м). Облыстың батысы біртіндеп аласарып, Сарыарқаға ұласады. Тау жүйелерінің аралықтарын Зайсан және Алакөл ойыстары бөліп жатыр. Облыс аумағына Алакөлдің солтүстік бөлігі ғана кіреді.
Шығыс Қазақстан облысының жер бедерінің құрылысы өте күрделі. Таулары мен жоталары:
- Ертіс өзенінен шығысында: Кенді Алтай, Тікирек, Черный, Оба, Становой, Көксу, Иванов, Қоржын, Үлбі, Қызылқарағай, Нарын, Сарымсақты, Тарбағатай, Оңтүстік Алтай, Күршім және Азутау жоталары мен олардың сілемдері
- Ертіс өзенінен батыста:Қалба жотасы, Семей, Арқалық, Мыржық, Қараадыр таулары, Ханшыңғыс, Шыңғыстау, Ақшатау жоталары
- Зайсан көлінің оңтүстігінен: Тарбағатай, Сауыр және Маңырақ жоталары.
- Ертіс өзенінің екі жағындағы жоталар аралықтарында оқшаулана орналасқан таулар мен шоқылар: Майлықара, Белтерек, Айыртау, Арқат, Сандықтас, Жағалбайлы, Көктас, Атбас, Арасантау, т.б.
- Облыстың оңтүстік мен оңтүстік-шығысына Зайсан көлінің қазаншұңқыры орналасқан.
- Облыстың қиыр солтүстік-батыс бөлігін Бесқарағай ауданының бүкіл аумағын қамтитын Балапан жоны алып жатыр.
Пайдалы қазбалар
Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда мырыш, қорғасын,
мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме, күшәла, темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, ниобий, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір, жанғыш тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.
Климат
Облыстың климаты тым континенттік.
- Температурасы:
- Қаңтардың жылдық орташа ауа температурасы
- жазық өңірінде –17°С
- биік тауаралық тұйық қазаншұңқырларында –26°С-қа дейін барады
- Шілдеде 19 – 23°С.
Облыста Ертіс өзені мен оның салалары суының өнеркәсіп пен халықты сумен қамтамасыз етуде үлкен маңызы бар. Сондықтан оларда ірі Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендері мен СЭС-тер салынған. Бұларға қоса Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба және Шүлбі өзендері ағаш ағызуға кеңінен пайдаланылады. Өзендер мен көлдердің (Зайсан, Алакөл, Марқакөл, т.б.) балық аулауда да едәуір маңызы бар. Облыстың Алтай аймағында минералды шипалық көлдер көп. Шығыс Қазақстан облысы жер асты суына да бай. Ол халықтың тұрмыстық қажетін өтеу және мал суаруға ғана емес, онымен бірге сан-алуан кеніштер мен кәсіпорындарды да сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.
Қалалары мен өнеркәсібі
Облыс өнеркәсібінің негізін кен өндіру өнеркәсібі құрайды. Бұл салада 197 нысан жұмыс істейді (2006). Негізгі өндірілетін өнімдері – түсті металл (мыс, мырыш, күміс), алтын, титан, көмір. 2005 ж. облыс бойынша 10,8 млн т түсті металл кентасы өндірілді. Кентасты негізінен Риддер және Зырянов полиметалл кен аудандарындағы “Қазақмырыш” АҚ-на қарасты кеніштер, Ертіс маңы полиметалл кенді ауданындағы “Қазақмыс корпорациясына” қарасты кәсіпорындар өндіреді. Асыл металл өндіру саласы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 27 кәсіпорын бар. Оларда 3,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді, 17,3 т алтын өндіріледі. Негізгі алтын өндірушілерге “Бақыршық” кен кәсіпорны, “ФИК”, “Алел”, “Алтынтөбе” АҚ-ның, “Андас Алтын”, “Даңқ”, “Жерек”, “Іnter Gold Capital” ЖШС-терінің кеніштері жатады. 2006 ж. Өскеменнің титан-магний комбинатын жергілікті шикізатпен қамтамасыз ететін (Көкпекті ауданында) Сәтбаев атындағы ильменит құмының кен орны іске қосылды. Ол жылына 15,0 мың т ильменит концентратын береді. Облыстағы көмір өндіру 6 нысан бойынша жүзеге асырылады. Ол негізінен “Қаражыра ЛТД” ЖШС-не қарасты Қаражыра, Кендірлік және Алакөл кен орындары.
Облыс өнеркәсібінің басты түсті металлургиясы“Қазмырыш”, “Өскемен титан-магний комбинаты”, "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ-дары, "Қазақмыс корпорациясы” АҚ-ның “Шығыс Қазмыс” бөлімшесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің РМК “Қазақстан монета сарайы”, “Қазниобий Ертіс химия-металлургия зауыты”, “Ертіс сирек элементті компаниясы”, “Қазмырыштех” ЖШС-терін қамтиды. Бұл кәсіпорындар өздерінің шығарған сан алуан, бағалы өнімдері бойынша дүние жүзіне белгілі.
Дін мен мәдениет
Өңірдің діни ахуалы Солтүстік Қазақстан аймақтарына ұқсас және инфрақұрылымы бойынша басқа облыстардың деңгейінде. Мәдениет жақсы дамыған. Облыста Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театры (Өскемен), Семей орыс драма театры және 276,7 мыңға жуық экспонаты бар 11 мұражай жұмыс істейді.Оның танымалы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың музейі, облыстық этнографиялық музей, Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнерінің облыстық музейі, облыстық тарихи өлкетану-музейі және Шығыс Қазақстан көркемөнер музейі болып табылады.
Облыста «Еңлік-Кебек» кинотеатры, Семей Абай атындағы кітапханасы, Семей тарихи және мәдениет ескерткіштерінен Ұлан ауданындағы “Абылайкит” ғибадатханасы бар. Қала арахитектурасында 16 нысан бар. Семей қаласында тарихи-архитектуралық ескерткіштер өте көп. 844,8 мың дана кітап қоры бар 267 кітапхана, 183 клубтық мекемелер, 7 киноқондырғы, 34 туристік мекеме және 50-ден астам қонақ үйлер бар.
01.01.2021 жылғы жағдайы бойынша облыста мәдениет және өнер ұйымдарының желісі 636 бірлікті, олардың ішінде: 291 клубтық мекеме, 306 кітапхана, 10 музей, 2 театр, 2 концерттік қызметті жүзеге асыратын ұйым, 10 Достық үйі, 6 кино көрсететін кинотеатрларды жүзеге асыратын ұйым,
1 – хайуанаттар бағы, 3 саябақ, 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекемені құрады.
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер ұйымдарының желісі 19 бірлікті, оның ішінде: 10 музей, 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекеме, 2 театр, 2 концерттік қызметті жүзеге асыратын ұйым, 4 кітапхана.
Мәдениет басқармасының 2021 жылға бекітілген бюджеті 4 млрд. 842 млн. 828 мың. теңгені, оның ішінде ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары (МТБН) - 5 млн. 600 мың. теңгені құрады.
Мәдениет басқармасының 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша нақтыланған бюджеті 5 млрд. 260 млн. 500 мың. теңге,оның ішінде: ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары (МТБН) - 41 млн. 600 мың. теңгені құрады
health_care
Шығыс Қазақстан облысында халықты емдеумен 1600 дәрігер, 11560 орта білімді медициналық қызметкерлер айналысады. Әр 10 мың адамға шаққанда тиісінше 38,8 дәрігер және 80,8 медициналық қызметкерден келеді, бұл орта республикалық көрсеткіштен біршама жоғары. Медициналық мекемелері жүйесіне 106 аурухана, 414 амбулатория және бірнеше емханалар кіреді.
Бұл мекемелерде 113 әйелдер консультациялары, 4 ана босанатын үйлер, 36 медициналық жедел жәрдем стансасылары, 60 дербес стоматологиялық емханалар бар. Қазіргі кезде облыстың ауруханаларында 11347 төсек бар, бұл 10000 адамға шаққанда 79,3 төсектен келеді, ал ауру балаларға 1747 төсек, жүкті және босанатын аналарға 788 төсек жабдықталған.
Білім
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі білім беру жүйесінде облыста 790 мектепке дейінгі мекемелердің қамтумен 59 530 бала, соның ішінде: балабақшалар - 344 (43 350 бала), оның ішінде 136 жекеменшік балабақша (16 040 балалар); Қамту 3 жастан 6 жасқа дейін қамтыған 40 337 балабақшада (100%), 56 979 (100%) мектепке дейінгі сыныптардан мектеп.
2005 жылғы мәлімет бойынша Шығыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі балалар мекемесі 80-ге, ал ондағы балалар саны 11952-ге жетті, кейін оқу жылында оқытудың барлық санаттары бойынша оқушылардың саны 331,5 мың болды. Оның ішінде 230,3 мыңы жалпы білім беретін мектептерде, 13,0 мыңы кәсіптік-техникалық мектептер мен лицейлерде, 35,4 мыңы колледждерде, ал 52,8 мыңы жоғары оқу орындарында оқыды. Білім беретін мекемелері: 834 мектептер, 39 кәсіптік-техникалық мектептер, 43 колледждер мен 10 жоғары оқу орны бар.