Өңірлік квотаға енгізілген қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне мынадай қосымша көмек көрсетіледі:
- жергілікті атқарушы органдар қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне ҚР азаматтығына қабылдау туралы шешім шығарылғаннан кейін, тұрақты тұрғылықты жеріне жол жүру және мүлкін тасымалдау бойынша шығындарды өтеуді қамтитын біржолғы жәрдемақылар белгілеуі мүмкін;
- қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегін бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетумен қамтамасыз етіледі;
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:
1) жедел медициналық көмек;
2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек;
3) амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:
АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы мен диагностикасы жөнінде қызметтер көрсету кезінде; жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде; әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде; уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде;
4) стационарды алмастыратын жағдайларда: әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде; уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде мамандандырылған медициналық көмек;
5) стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек:
айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде; уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін шұғыл нысанда, оның ішінде уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша тәулік бойы стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін диагноз қойылғанға дейін тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу; уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша жоспарлы нысанда емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;
6) негізгі ауруды емдеу кезіндегі медициналық оңалту, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастарды медициналық оңалту;
7) уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек;
8) қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
9) патологиялық-анатомиялық диагностика;
10) қайтыс болғаннан кейін донорды ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттау мақсатында ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алып қою, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген техникалық және кәсіптік білім алуға, арнаулы орта және жоғары оқу орындарына түсуге квота көлеміне сәйкес мектептерде және мектепке дейінгі мекемелерде Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең орындармен қамтамасыз етілу мүмкіндігі;
- Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтік қорғау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға көмек. Жұмысқа орналасуға, біліктілігін арттыруға және жаңа мамандықты игеруге көмек көрсету. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар елдің және өңірлердің экономикалық және әлеуметтік даму болжамдарының негізінде жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шараларын әзірлейді, олар:
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу;
2) еңбек делдалдығы;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары;
4) жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету;
5) азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеу жатады.
Қандастардың туыстары болып табылатын адамдар:
- балалары (соның ішінде асырап алғандар, растайтын құжаттары бар болса), және жұбайы;
- аға-інілері және әпке-қарындастары (сіңлілері), тікелей өзінің шыққан тегі бойынша туыстары және олардың отбасы мүшелері;
- немерелері және шөберелері;
- қандастардың кәмелеттік жасқа толған балалары, немерелері және шөберелері құрған отбасыларының мүшелері.