Ұлытау облысы — 2022 жылғы 8 маусымда құрылған Қазақстанның орталығындағы облыс.

Әкімшілік орталығыЖезқазған қаласы.

Ұлытау облысы оңтүстігінде Түркістан, оңтүстік-батысында Қызылорда, оңтүстік-шығысында Жамбыл, батысында Ақтөбе, солтүстік-батысында Қостанай, солтүстігінде және шығысында Қарағанды облыстарымен шектеседі.

Әкімшілік бөлініс: Облыс 2 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаладан тұрады: Жаңаарқа ауданы, Ұлытау ауданы, Жезқазған қаласы, Қаражал қаласы, Сәтбаев қаласы.

Халық саны: 2026 жылғы 1 шілдеге облыс халқының саны 218,0 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 173,5 мың адам (79,6%), ауылдықтар – 44,5 мың адам (20,4%).

Салалық статистика:

2026 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1 278 519,7 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,4% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 12,6% көбейді, өңдеу өнеркәсібінде – 6,5% көбейді, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 14,4% көбейді, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 33,6% көбейді.

2026 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 32 795,4 млн. теңгені немесе 2025 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 0,5% көбейді.

2026 жылғы қаңтар-шілдеде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы көлемі 7 575,8 млн. т-км-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылдың қаңтар-шілдемен салыстырғанда 104,3% құрады.

Жолаушы айналымы көлемі – 458,7 млн. ж-км-ді құрады, немесе 2025 жылдың қаңтар-шілдемен салыстырғанда 86,4% құрады.