alt

Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

2022 жылдың 1 қаңтардағы дерек бойынша тұрғыны 53706. Жұмысдық деңгейі 2021 жылғы IV тоқсаны бойынша 4,8%. Орташа айлық жалақы бағалау 2021 жылдың IV тоқсаны бойынша 202983 тг

 2022 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағаларда 27 311,7 млн.теңге сомасына өнім шығарды, бұл 2021 жылғы қаңтар деңгейінен

2,9%-ға жоғары.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (67,4%) 2022 жылғы қаңтарда 18 413,9 млн.теңгеге немесе 2021 жылғы қаңтар деңгейінен 8%-ға жоғары өнім өндірілді.

2022 жылғы қаңтарда тамақ өнімдерінің өндірісі 12 451,9 млн. теңгені құрады, ұн-жарма өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі 20,9%-ға, етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі 0,3%-ға, нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің өндірісі 8,3%-ға ұлғайды.

Өңдеуші өнеркәсіп көлемінің 16,6%-ын алатын машина жасау саласында 3 064,7 млн.теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнім өндірілді және қызметтер көрсетілді, бұл 2021 жылғы қаңтар көлемінен 41,7%-ға жоғары.

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде 343,0 млн. теңгеге өнім өндірілді, өзге де металл емес минералдық өнімдер 320,2 млн. теңгеге шығарылды.

Салада электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау 2022 жылғы қаңтарда көлемі 6 905,5 млн.теңгені құрады.

Сумен жабдықтау саласында 2022 жылғы қаңтар көлемі 1 405,4 млн.теңгені немесе 2021 жылғы қаңтарға 102,3% құрады.

ИИДМБ үшінші бесжылдығы шеңберінде облыстың индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау карталары бойынша 2022 жылға 285 жұмыс орнын құра отырып, 9,4 млрд.теңге сомасына 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы. 2022 жылғы қаңтар айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 13,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2021 жылғы қаңтар деңгейіне 110,4%.

Ет өндірісі (тірідей салмақта) 11,3 мың тоннаны немесе 2021 жылғы қаңтарда 101,7% құрады

Толығырақ...
  • Тарихы
  • Климаты мен табиғаты
  • Қалалары мен өнеркәсібі
  • Дін мен мәдениет
  • Денсаулық сақтау
  • Білім

Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы.

Облыс 1936 жылы құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3,6% құрайды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, 1752 жылы негізі қаланды.

Облыста 13 әкімшілік аудан бар; 5 қала – Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев; 4 қала типтес кенттер – Смирново, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл. Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекараласады. 

Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, ал физика-географиялық қатынаста – Батыс-Сібір жазығының оңтүстік шетін және қазақ кең даласының бір бөлігін алады. Жер бедерінде көп көл төмендеулерi, сахаралық ойықтар, аласалау жалдар және жал шұңқырларымен алмасушы бөктерлер бар. Солтүстік-шығыста биіктік 115-120 м, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 200 м. Облыс Ресейдің Калуга, Тула, Томск облыстары орналасқан кеңістікте жайғасады. Бірақ, көлдер мен өзендердің жоқ болуына байланысты ауа райының кенет құрылықтығымен сипатталып, табиғат жағдайы жағынан олардан әлдеқайда ерекшеленеді. Оның ортақ жазықтығы және шектi аумағы еркiн меридиан мен ендiк ауамен алмасуға мүмкiндiк туғызады. Ауа-райы кенет құрылықты. Қысы аязды және созылмалы (5 айдан көп), аз қарлы, кеуіп қалатын ауа – райының басымдылығынан жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы −18,5 °C, −19,5 °C, шілденің +18,8 °C , +19,5 °C. Аязсыз кезеңнің созылуы 109-129 тәулік. Тұңбаның орташа шамамен түсуі 300-340 мм, соның ішінде 4-тен 3-і жылдың жылу уақытында. Өзендері Обы хауызына жатады. Солтүстік Қазақстан облысының маңында Есіл өзенінің (400 км) орта ағысы Иман –Бұрлық және Ақан-Бұрлық қиылысы бар. 

Солтүстік-Қазақстан облысында 1000-нан аса көлдер бар, ең бастысы солтүстік-батыста орналасқан. Олардың көбісі мезгілді кеуіп қалады. Тұщы су көлдері басым болады. Аса ірілері: Шағалалытеңіз, Солтүстік және Оңтүстік Қақ, Таранкөл, Меңкесер. Аудан аумағына Батыс Сібір жазығының оңтүстік, Қазақстан ұсақ шоқысының солтүстік бөлігі кіреді. Аудан аумағына әктас, шыны құмы, отқа төзімді саз, т.б құрылыс материалдары кездеседі. Ішкі құрылықтың ішкі облыс табиғаты мен экономикасының ерекшеліктерін айқындайды. Бұған климаттың шапшаң континентігі, ылғалдық жетіспеуі және шектес жатқан аумақтың жалпы жазықтығы ауаның меридиан және ендік бағыттарымен еркін алмауына жағдай жасайды. Сонымен жазық аумақты тұтастай дерлік игеруге мүмкіндік берді.

Облыс- орманды-далалық табиға аймақта және далалы табиғи аймақта орналасқан, бұл оның ландшафын, табиғи ортаның сапасын, негізгі табиға ресурстарын айқындайды. Ол егін шаруашылығы үшін қауіпті аймаққа жатады. Облыс аймағын географиялық та, тарихи да аймақ ретінде көбінесе Петропавлдық Есіл бойы деп атайды.


Облыста 1 қала мен 13 аудан бар. СҚО-нда алуан түрлі дәрежедегі пайдалы қазбалар шығарылған және зерттелген. 286 шыққан жері барланған. Олардың ішінде 34-металлды, 2-металлды емес, 217-құрылыс және технологиялық шикізат пен 33- жер асты сулары, оның 6-уы минералды. Облыс аумағы Солтүстік Қазақстанның уранды-кенді, алмазды және сирек маталлды қалайылы түкпірі болып саналады. Онда минералды шикізаттың маңызды бөліктері табылған, олар Қазақстан Республикасының балансын құрайды: қалайы бойынша -65%, цирконийға -36,6%, уранға -19%, титанға -5%, вольфрамға -1,1%. Минералды - шикізат базасының кең өсуі, әсіресе, оңтүстік-батыс облысында қаралған. Бұнда маңызды алтынның шыққан жері мен пайда болуы, күмістің, техникалық және зергерлік алмаздардың, қалайының, титанның, түрлі-түсті және сирек металлдардың, бұрғыланған көмірлердің тізімі бар. Иеленуге дайын болып Грачевское, Косачинское, Семизбайское уранының шыққан жері саналады. Кеспелтек - титан - цирконий кендерi, Сырымбет - қалайы, алтынның шыққан жерi - Солтүстiк Батыстысы және Домбыралы – 2 шыққан жеріне өндірістік өңдеу жүргізіліп жатыр. Пайдалануда тек кейбір құрылыс тастары мен құмдарының шыққан жерлері бар. Теке өзені мен Жақсытұз көлінің шыққан жерінде қайнатылған тұзға зерттеу жүргізіліп, қазба шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұздың қорлары мемлекеттiк балансқа алынған. Есіл және Айыртау аудандарында алтын мен күмістің шыққан жеріне өндірістік баға беру мақсатында геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы.

Облыста 136 дiни бiрлестiктер мен филиалдар тiркелген: (анықтама ретiнде: 63 — Ислам, 33 — православ, 11 — католик, 2 — пресвитериан, 6 — христиан-баптистер, 13 — Елуiншi күн шiркеулерi, 4 — Новоапостол шiркеуi, 1 — Иегова куәгерлерi, 1 — Жетiншi күн адвентистерi, 1 — Евангелиялық-лютеран шiркеуi, 1 — "Кришна санасы Солтүстiк Қазақстан облыстық қоғамы").

Облыс аумағында 164 дiни ғимараттар жұмыс iстейдi: (анықтама: 63 — мешiт, 30 — православие шiркеуi, 42 — католик шiркеуi, 1 — пресвитериандық дұға үйi, 11 — Баптист-христиандардың дұға үйi, 7 — Елуiншi күн намазының шiркеуi, 4 — жаңаапостол шiркеуiнiң шiркеуi, 1 — Иегова куәгерлерiнiң патшалар залы, 1 — Жетiншi күн адвентист намазының үйi, 4 — Евангелиялық-лютерандық шiркеу).

Облыста 2022 жылғы 1 қаңтарға 603 мәдениет және архив ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 505 мемлекеттік, оның ішінде:

  • клуб үлгісіндегі 271 мәдениет мекемесі/, оның ішінде: 174 мемлекеттік; 97 жеке меншікте.
  • 321 кітапхана, оның ішінде: мемлекеттік — 320, 1 жеке меншік Аққайың ауданы, Дайындық ауылы;
  • 4 мұражай (5 филиал), мемлекеттік;
  • 1 мұрағат (14 филиал), мемлекеттік;
  • 3 театр, мемлекеттік;
  • 1 облыстық филармония, мемлекеттік;
  • 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталық, мемлекеттік;
  • 1 тілдерді оқыту орталығы, мемлекеттік.

2021 жылдың қорытындысы және 2022 жылға міндеттер

Отандық мәдени кеңістікті дамыту қызметтің бірнеше түйінді бағыттарын көздейтін, қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

Мәдениет саласындағы маңызды міндеттердің бірі кадрлармен қамтамасыз ету және оларды дайындау болып табылады. Мәдениет саласында 2400-ден астам адам жұмыс істейді.

Шығармашылық бағыт бойынша 391 адам еңбек етеді.

2022 жылы республикалық бюджет трансферттері есебінен сала қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын 23%-ға көтеруге 953 млн. 925 мың теңге қаражат қарастырылған.

Сала қызметкерлерінің орташа еңбекқысы 145 мың теңгені құрайды.

Жүргізілген талдау бүгінгі күні мәдениет ұйымдарында шығармашыл қызметкерлердің жалпы санынан 36% кадрларға қажеттілік бар екенін көрсетіп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы.

2021 жылға қаржыландыру – 54,1 млрд. теңге.

29 медицина ұйымы (оның ішінде 12 аудандық аурухана, 1 көп бейінді ауданаралық аурухана, 3 қалалық емхана, 2 қалалық аурухана, 4 облыстық медициналық ұйым).

Облыстың денсаулық сақтау жүйесі 19 ауруханалық, 64 амбулаториялық-емханалық ұйымнан (59 дәрігерлік амбулатория, 5 емхана оның ішінде ЖИТС орталығы, облыстық стоматология және т.б.), 43 фельдшерлік-акушерлік және 418 медициналық пункттен тұрады. Мемлекеттік медициналық ұйымдардың төсек-орын қоры 3093 төсек-орынды құрайды.

Соңғы 5 жылда халықтың жалпы өлім-жітім деңгейі 2016 жылы 1000 тұрғынға шаққанда 11,91-ден 2020 жылы 1000 тұрғынға шаққанда 14,00-ге дейін 17,5%-ға ұлғайды (2016 жылы — 11,91; 2017 жылы — 11,84; 2018 жылы — 11,79; 2019 жылы — 12,17).

Қайтыс болудың жоғары деңгейі халықтың қартаю индексінің жоғары болуымен байланысты (2019 жылы жасы 65 асқан тұрғындар саны 0-ден 5 жасқа дейінгі 100 балаға шаққанда 56,0 құрады, бұл ҚР деңгейінен 1,8 есе жоғары)

Солтүстік Қазақстан облысы — республиканың солтүстік қақпасы.

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi 2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру жөнiнде конкурс өткiзетiнiн жариялайды.

Конкурска қатысу үшiн құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күн iшiнде «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi 58 үй, 603 кабинет мекен-жайы бойынша ұсыну қажет.

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi 2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру жөнiнде конкурс өткiзетiнiн жариялайды.

Конкурска қатысу үшiн құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күн iшiнде «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi 58 үй, 603 кабинет мекен-жайы бойынша ұсыну қажет.

2021 жылға саланы қаржыландыру – 98,7 млрд.теңге.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ.

Мектепке дейінгі ұйымдар – 473 бірлік, контингент – 18 167 бала.

Балабақшалар – 76 бірлік, оның ішінде 10 718 бала, оның ішінде 15 жеке МБҰ – 2 103 бала;

Шағын орталықтар – 389 бірл., оның ішінде балалар – 6 981, оның ішінде 4 жеке меншік – 277 бала;

«Мектеп-бақша» кешендері – 8 бірлік, онда балалар – 468.

473 мектепке дейінгі ұйымның 335 – і толық күн болумен (70,8%), 138 (29,2%) – қысқа болу күнімен.

3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100%-ды, 1-6 жастан 80,1%-ды құрайды.

ОРТА БІЛІМ.

Мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері – 461 бірлік (57 қалалық, 404 ауылдық мектеп). Бастауыш – 54 бірлік, негізгі – 100 Бірлік, орта – 307 бірлік.

Оқушылар контингенті – 72 251 адам.

Оқыту тілі бойынша: қазақ тілінен – 112 бірлік (12 510 оқушы), аралас тілдерден – 92 бірлік (21 248 оқушы), орыс тілінен – 257 бірлік (38 493 оқушы).

Шағын жинақты мектептер саны – 355 бірлік (77%), контингенті – 22 265 оқушы.

Мамандандырылған мектептер саны – 4 бірлік, контингенті – 1 233 оқушы.

Арнайы мектептер саны – 7 бірлік, контингенті – 606 тәрбиеленуші.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар – 3 бірлік.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелері – 6 бірлік.

Тәрбиеленушілер контингенті – 211 адам.

Оның ішінде қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары – 3 бірлік, жасөспірімдер үйлері – 2 бірлік, балалар ауылы – 1 бірлік.

Қауіпсіз және жайлы оқу ортасын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы облыстың барлық білім беру ұйымдары 100% бейнебақылау жүйесімен жабдықталған (12 057 бірл. бейнекамера). Бұл мақсатқа 65,8 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, облыстың барлық мектептері жылы дәретханалармен қамтамасыз етілген.

Қосымша білім беру.

Қосымша білім беру мекемелерінің желісі – 83 бірлік, балалар контингенті – 62 474 адам.

Қосымша білім берумен қамту 97% құрайды.

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ.

Колледждер – 23 бірлік (Мемлекеттік – 19 бірлік, жеке – 4 бірлік). Білім алушылар контингенті – 10 828 адам.

Мамандықтар – 72; біліктіліктер – 122.

21 колледжде дуальді оқыту, 2 498 адам қамтылды.

Мамандықтар – 30; серіктес кәсіпорындар – 290.

Жатақханалардың барлығы — 18 бірлік, онда 1 853 адам тұрады.

Серпін. Петропавл қаласының «М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжі» КМҚК 43 студент оқиды, 2022 жылы бітіріп шығады