alt

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылдың бес айында 2019 жылғы көрсеткіштің 99,4%-н құрады. 2019 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2 805,9 млрд. теңгені және 2018 жылғы сәйкес кезіңімен салыстырғанда 102,7%-н құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 97,1 млрд. теңгені, немесе 2019 жылмен салыстырғанда 100,7%-ды құрады. 

Инвестициялардың негізгі көзі меншікті қаражат болып табылады 67,8 млрд. теңге, немесе жалпы инвестиция көлемінің 69,8%-ын құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 33,2 млрд. теңгені құраса, нақты көлемнің индексі – 102,7% көрсетті. Тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 64,5 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2019 жылға қарағанда біршама өсіп, 113,3%-ды құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 832,2 млрд. теңге деңгейінде.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда нақты көлемінің индексі – 117,9%, өңдеу өнеркәсібінде – 100,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 101,8%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметінде – 93,4% құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің қызмет түрлерінің бөліктері мынаған сай келеді, 61,6% – өңдеу өнеркәсібіне, 24,2% – тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуға, 13,5% – электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауға, 0,7% – сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметіне. Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 50,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 101,9%, соның ішінде мал шаруашылығы бойынша тиісінше 48,4 млрд. теңге және 102%, өсімдік шаруашылығы бойынша тиісінше 1,5 млрд. теңге және 100%.

Жүк айналымының көлемі 12,4 млрд. теңге, немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 88,2%-ды құрады. «Байланыс» саласы бойынша нақты көлемінің индексі 100,2%-ды құрады. Бөлшек сауда көлемі 123,6 млрд. теңге деңгейінде орнығып, нақты көлем индексінің – 81,6%-н құрады. Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 141,7 млрд. теңге. 

Павлодар облысының ЕАЭО мүше-мемлекеттермен өзара саудасы 459,7 млн. АҚШ долларын құрады. Өзара сауда құрылымында экспорт басым болды және 62,5%-ды құрады (облыстан 287,2 млн. АҚШ долларына тең тауар шығарылды), импорттың үлесі 37,5%-ды құрады (облысқа әкелінген тауарлардың көлемі 172,6 млн. АҚШ долларына тең). 

2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 16302 бірлікті құрады, оның ішінде 15965 бірлік жұмыскерлерінің саны 100 адамнан кем. Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны 12697 бірлікті құрады, оның ішіндегі шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем) 12360 бірлік. Тұтыну бағасының индексі 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,8%, азық-түлік тауарларының бағасы – 106,5%-ды, азық-түлік емес тауарлары – 102,5%-ды, ақылы қызметтер – 101,5%-ды көрсетті. Бизнес құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 45209 бірлікті немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,5% құрады, соның ішінен 10291 бірлік – шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 108 бірлік – орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 31502 бірлік – жеке кәсіпкерлер, 3308 бірлікті шаруа немесе фермерлік қожалықтары құрады.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсандағы шағын орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім (тауарлар мен қызметтер) шығару 865 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,5% құрады. Жұмыспен қамтылғандар саны 134,5 мың адам немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,7% құрады.

Павлодар облысы халқының саны 752,4 мың адам. Қала халқы – 531,1 мың адам (70,6 %), ал ауыл халқы – 221,3 мың адам (29,4%) саналады. 2019 жылғы IV тоқсандағы (алдын ала деректер бойынша) халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 114 571 теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 14%-ға артық көрсеткіш. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыстары 8,2%-ға артты.

2020 жылғы I тоқсандағы қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 175,3 мың теңгені, немесе 2019 жылдың сәйкес тоқсанына 120,2%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 113,3% құрады. Жалдамалы қызметкерлер саны 198 мың адам құрады. Жұмыс күшінің саны 404,6 мың адамды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 70%-ын құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,7%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2020 жылғы мамырдің соңына 5,8 мың адамды немесе жұмыс күшіне 1,4%-ды құрады.


Толығырақ...
  • Тарихы
  • Климаты мен табиғаты
  • Қалалары мен өнеркәсібі
  • Дін мен мәдениет
  • Денсаулық сақтау
  • Білім

Павлодар облысы 1938 жылы құрылған. Орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.

Облыс Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан. Ресей Федерациясының Омбы, Новосібір облыстарымен, Алтай өлкесімен, еліміздің Шығыс Қазақстан және Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі. Облыс қазіргі кезде 127,5 мың ш.км. аймақты алып отыр.

Облыс халқы 2012 жылғы 1 қаңтарда 747,1 мың адамды құрады. Облыс бойынша (1 км² аумаққа) халық тығыздығы орта есеппен 6 адамды құрайды. Қала және ауыл тұрғындарының саны 514,4 мың мен 232,7 мың адамға тең. Облыста әйел тұрғындар тұрғындардың жалпы санының 52,9%, ал ер адамдар — 47,1% құрайды. 2012 жылғы 1 қаңтардағы кезеңге сәйкес Павлодар облысында 0-15 жас (жалпы санның 21,2%) аралығындағы балалар саны - 158,2 мың, 16-63 (58) жастағы тұлғалардың саны - 491,7 мың (65,8 %), 63 (58) жастағы егде адамдар мен олардан жоғары жастағы адамдар саны — 97,2 мың (13 %). 2011 жылы халық санының табиғи артуы 4682 адамды немесе халықтың 1000 адамына 6,3 құрады, бұл орта республикалық көрсеткіштің 54,3% немесе екі еседен артық болып табылады. 2011 жылы 1000 адамға неке қию саны 9,4 және 1000 адамға ажырасу саны— 4,0 құрады. Павлодар облысы халықтың жоғары көші-қонымен ерекшеленеді, көші-қон айырмасы соңғы бес жыл ішінде теріс сипатта келеді. Көшіп-қонушылар көп бөлігініңТМД елдеріне жылыстауы байқалады. Өзге елдерден көшіп-қону айырмасы соңғы бес жылда оң көрсеткішті көрсетіп келеді. 

Павлодар облысының климаты тым континенттік және құрғақ. Қыста ашық және аязды ауа райын түзейтін Сібір антициклоны әсер етсе, жазда құрғақ және ыстық ауа, қуаншылық пен қарадауыл әкелетін Тұран ауа массасының әсері күшті. Қаңтар айының орташа температурасы 17 – 19,4°C, кей жылдары ол 48 °C-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 19 °C-тан 22,2 °C-қа дейін жоғарылайды, кей күндері 41 °C-қа дейін барады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшесі солтүстіктен оңтүстікке қарай 292 мм-ден 194 мм-ге дейін кемиді. Баянаула тауларында 340 мм. Жылдың суық мезгілінде жел көбінесе оңтүстік-батыс бағытта, жылы мезгілде солтүстік-батыс бағытта соғады. Олардың орташа жылдамдығы 4,0 – 4,5 м/с. Көктем мен күзде жылдамд. 15 м/с-қа дейін баратын қатты дауылды желдер де соғып тұрады. Павлодар облысында көктем қысқа, жаз айлары ыстық, құрғақ және желді келеді. Күзі қысқа, салқын және жаңбырлы. Алғашқы үсік тамыз айының соңғы онкүндігінде болады. Қыркүйектің соңғы онкүндігі мен қазанның басында алғашқы қар түседі.

Павлодар облысының жер бедері екі бөлікке бөлінеді. Солтүстігінінің негізгі бөлігін Батыс Сібір ойпатының жалғасы – Ертіс жазығы, оңтүстік-шығыс бөлігін Cарыарқаның солтүстік-шығыс сілемі, солтүстік-шығысын Құлынды даласы алып жатыр. Жер беті мұнда теңіз деңгейінен 120 – 150 м биіктікте, Ертіс аңғарында 100 – 110 м шамасында. Сарыарқа бөлігі көбінесе ұсақ төбелермен алмасып отыратын жазықтардан тұрады. Мұнда Баянаула (1026 м), Қызылтау (облыстың ең биік жері – Әулие тауы, 1055 м), Желтау (959 м) және Семізбұлақ таулары орналасқан.

Павлодар облысы 1938 жылы құрылған. Орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.

Басты қалалары Павлодар, Екібастұз және Ақсу. Павлодар облысы – Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен тарихи қалыптасқан. Облыс шикізат кешенінде жетекші рөл атқарады. Пайдалы қазбаларының баланстық қорының жалпы құны 460 миллиард долларға бағаланады. Бұл – алтынды, құрылыс материалдары мен өзгелерін қоса алғанда, көмір мен әр түрлі металдар. Бұл өңірде барлық көмір қорының үштен бір бөлігінен астамы шоғырланған. Оларда шамамен 14 миллиард тонна энергетикалық шикізат сақталған. Облыста руда жер бетіне жақын орналасқан және өндірістік шоғырлануында тек қана мыс емес, молибден, күміс, басқа да құнды металдар бар. Барлық кен орындарындағы мыстың жалпы қоры үш жарым миллион тоннаны құрайды. Экономиканың барлық салалары жақсы дамыған.

Павлодар облысы 1938 жылы құрылған. Орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.

Павлодар облысы халқының ішінде әр түрлі діни сенімдер, соның ішінде ислам, православиелік және католиктік христиан, протестантизм, иудаизм және өзге де аз санды діндерді ұстанатындар байқалады. 2011 ж. 1 қаңтарында облыста 172 діни бірлестіктер мен топтар тіркелген, оның ішінде мұсылмандық — 94 (54,7 %), православиелік — 17 (10 %), католиктік — 8 (4,7 %), иудейлік — 1(0,6 %), протестанттық пен өзгесі — 52 (30 %). Облыста 126 діни ғимараттар бар.

Павлодар өңірі құнды мәдени әлеуетке ие, жүздеген кітапханалары, екі кәсіпқой театры, түрлі бағыттағы ондаған мұражайлары, көптеген тарихи және архитекторлық ескерткіштері бар өңір болып табылады. Облыс мұражай, театр, кітапханалар мен көрікті жерлерге бай.


Павлодар облысы 1938 жылы құрылған. Орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.

Павлодар облысы денсаулық сақтауының тарихы 1905 жылдан басталады. Бүгінгі күні облыста 403 медициналық объект жұмыс атқарады, олардың ішінде 65 заңды тұлға: 34 ауруханалық ұйым, 7 диспансер, 12 амбулаториялық-емханалық ұйым және басқа 12 медициналық ұйым. Одан басқа, ОАА мен емханалар құрамына 3 ауылдық учаскелік аурухана, 76 дәрігерлік амбулатоия, 22 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 237 медициналық пункт кіреді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарда 2467 дәрігер мен 6072 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Дәрігерлермен қамтамасыздандыру 10 мың адамға 33 құраса, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыздандыру 10 мың адамға 81,3 құрайды. Мемлекеттік медициналық ұйымдардан басқа облыста 120 жекеменшік ұйымдар жұмысын атқарады. Олардың ішіндегі 95 заңды тұлға, ал 22 жеке кәсіпкер болып табылады. Бұл ұйымдарда 506 дәрігер мен 898 орта буын медицина қызметкері жұмысын істейді.

Павлодар облысы 1938 жылы құрылған. Орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.

Облыстың білім беру жүйесі білім алушыларға оқу орны, білім алу деңгейі сияқты әр түрлі оқу түрін таңдауға шынайы мүмкіншіліктерді ұсынады. Облыста инновациялық оқу орындары қызмет етеді. Білім берудің мектептен тыс жүйесі өте жақсы қалыптасқан. Облыста мектептерді, бастауыш және орта кәсіби білім беру мекемелерін компьютерлендіру толығымен аяқталған. Internet желісіне барлық мектептер қосылған. 

Мектепалды білім беру жүйесі облыста тұрғындардың сұранысына бағытталған және бала дамуының жас және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленген білім берудің әр түрлі қызметтерін ұсынатын мектепалды білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын көпқызметті жалпы беру мекемелерінің желісімен байқалады. Павлодар облысында 144 мектепалды ұйымдары бар.

Облыста 416 мектеп және мектеп-интернат бар. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған 14 мектеп, 2 гимназия мен 2 лицей, 12 мамандандырылған білім орындары шоғырланған. 128 мектеп жаңа 12-жылдық орта білім беру моделіне өткен. Облыста 25 кәсіптік мектеп пен лицей бар, 29 колледж жұмыс істейді, олардың 22-сі Павлодар, 5-і Екібастұз, қалған екеуі Ақсу қаласы мен Красноярка ауылында. Облыс аумағында төрт жоғары оқу орны жұмысын атқарады, олардың үшеуі Павлодар қаласында, біреуі Екібастұз қаласында орналасқан.