Шығыс-Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Шығыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. Құрылған уақыты – 1932 жылдың 20 ақпаны.

Жер аумағы 97,8 мың км². Шығыс қазақстан облысы – Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан, Ресеймен және Қытаймен шекаралас облыс.  Батысында Қазақстанның Абай облысымен; оңтүстік-шығысында — Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен; солтүстік-шығысында — Алтай өлкесімен және Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен шектеседі.

Халық саны: 2024 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 726,4 мың адамды құрады, соның ішінде қала тұрғындары – 484,1 мың адам (66,6%), ауыл тұрғындары – 242,3 мың адам (33,4%). Халықтың табиғи кемуі 2024 жылғы қаңтар-наурызда -44 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде халықтың табиғи өсімі 113 адамды құрады).

Әкімшілік бөлініс. Әкімшілік орталық - Өскемен қаласы.   Құрамына 2 қала және 11 аудан кіреді: 

  1. Өскемен қаласы
  2. Риддер қаласы
  3. Алтай ауданы
  4. Глубокое ауданы
  5. Зайсан ауданы
  6. Катон-Қарағай ауданы
  7. Күршім ауданы
  8. Марқакөл ауданы
  9. Самар ауданы
  10. Тарбағатай ауданы
  11. Үлкен Нарын ауданы
  12. Ұлан ауданы
  13. Шемонаиха ауданы

Салалық статистика: 2024 жылғы қаңтар-cәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 855790,5 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 6,1% көп.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 12,6%, сумен жабдықтауда, су бұру, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою бойынша қызметте – 2,1% өсті.

2024 жылғы қаңтар-cәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымының көлемі 72 481,9 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 102,3% құрады.

2024 жылғы қаңтар-cәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 2182,2 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 86,1% құрады.