Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Тарихы: Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылы 29 шілдеде құрылды.  Облыс Батыс Сібір жазығының оңтүстігінде орманды дала және дала зоналарында, қара жер белдеуінің шегінде орналасқан және солтүстігінде Ресеймен, шығыста Павлодар, оңтүстігінде Ақмола және батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. Қазақ мемлекетінің құрылуы мен дамуы қазақ этносының ұзақ даму жолындағы тұтастығын сақтауға, қазақ халқының консолидациясы үшін маңызды мағынаға ие, әсіресе 15-17 ғғ.кезеңінде. 18 ғасыр басын қазақтың атақты оқымыстысы, Солтүстік Қазақстанның тумасы Шоқан Уәлиханов қазақ халқы өмірінің ең сорақы кезі деп, ал 1723 жылды - Ұлы жұт жылы деп атады. Жоңғарлардың Қазақстанға басып кіруі адамдардың, малдардың өліміне, қыстаулардың қирауына, халықтың солтүстік және батыс жақтарға жаппай көшуіне әкеліп соқты. Қиын сыртқы саясат жағдайында қалған қазақ хандығының билеушілері бұдан шығу жолы Ресей мемлекетінің протекциясын мойындап, қол астарына өту деп білді. Осы саяси қадамдардың жақын арадағы нәтижесі Ресейдің жаңа қол астындағыларын қорғау мақсатында Жоңғария мен Қазақстанның арасындағы жағдайға белсенді араласуы болды. 1742 жылдың 2 мамырында Сенат Орта жүз қазақ халқын қорғау және жоңғарлардан қорғану үшін бекіністер салу туралы іс шаралар бойынша Жарлық қабылдады. 1752 жылдың 26 наурызында «сібір жағын ең жақсы қорғау үшін» жаңа жасақтау жолағының құрылуы туралы Жарлық шықты. Омбы және Звериноголовск бекіністерін қысқа бағытта жалғастыруға тиісті Новоишимский (Горкий ащы тұзды көлдер шынжыры бойымен) жолағының құрлысы басталады. Жолақтың орталық бекінісі болып 1752 жылы шілдеде іргесі қаланған Есілдің оң жағасындағы Әулие Петр бекінісі саналады. 1755 жылға қарай жолақ бойындағы негізгі жұмыстар аяқталды. Кейіннен бекініс Петропавл қаласы деген атқа ие болды. Біздің өңірдің  тарихы 18 ғасырдағы Орталық Азия мемлекеттік ағартушыларының ең белгілілерінің бірі Абылай хан есімімен байланысты. Абылай Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек хан мұрагерлерінің үлкен тармағына жатады. 1740 жылы Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен бірге Абылай сұлтан Ресей билігін мойындады және әр уақытта Петербург, Оренбург, Омбы, Цин әулеті  ресейлік биліктерімен байланыс жасап тұрды. Абылай хан керемет дипломатиялық қабілеттілігін және мемлекеттік ағартушы дарынын иеленген алысты болжайтын дана саясаткер ретінде белгілі. Мемлекеттік ағартушы тактілеріне, сыртқы саясатының стратегиялық иілгіштігі және икемі арқасында қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтай білді. Оның хан ретінде үш қазақ жүзін билеген кезеңі (1771- 1781 жж.) саяси жағдайдың тұрақталуымен, Қазақстан беделінің өсуімен, Еуразия халықтарымен арасындағы экономикалық және мәдени байланысының кеңеюімен сипатталады. Абылай ханның қонысы Бурабай көлінің маңында орналасқан; Абылайдың қалауы бойынша оның құрылысына жергілікті шаруалар қатысты. Қазақ тұрғындары көшіп келушілерден шөп шабу, жер өңдеу, балық аулау, ветеринария және т.б дағдыларды қабылдады. Әулие Петр бекінісін салар кезде Абылай өз шартын қойды - осы жерден қазақтар үшін Ресеймен сауда орталығын ашу. Абылай ханның бастамасының арқасында Петропавл жүз жылда айырбас және транзит  сауданың ірі ошағына дейін өсті. Әулие Петр бекінісінде Абылайдың хандыққа сайлануы өтті. Мұнда ханға императорлық сыйлықтар, бұлғын  тоны, бас киімдер және қылыштар әкелінді. Абылай Ресей мен Қазақстанның Қытаймен арасындағы байланыстың шиеленісуінен қауіптеніп көптеген игілікті сылтаулармен өз билігін жариялау үшін Петропавл бекінісіне келуге бас тартты. Кейіннен бұл сыйлықтар ханға ешқандай іс-шарасыз өз мөлшерінде табыс етілді. Абылайханның кезінде сол кездің белгілі екі бартырлары Күлеке бартыр мен Құлсары батыр үлкен роль атқарды, олар демократиялық, әскери, әкімшілік міндеттерді атқрды. Күлеке батыр белгілі Шал ақынның әкесі, оның атымен бұрынғы Сергеев ауданы аталған, қазір Шал ақын ауданы. Мұрағаттық мәліметтерге сәйкес Күлеке және Құлсарыға хан әкімшісі ұн және қант түрінде азық-түлік берген, сондай-ақ, Петр бекінісінде тұрғын үй салуды жоспарлаған. Басында әскери-қорғаныс ретінде ойластырылған Петропавл қорғаны уақыт өте келе өңірдің саяси, сауда-экономикалық және әкімшілік орталығы болып саналды. Әрі қарай мұнда өзенмен қатарласып көшелер көбейе бастады. 18 ғасыр соңында төменгі бөлігінде 172 тұрғын үйлер және  914 тұрғындар, 44 көпестік дүңгіршектер мен қонақ алаңы болды. Бекініс маңының жоғарғы бөлігінде бекіністің билеушілері қазақ сұлтандарын қабылдайтын елшілік үйі орналасқан. Қаланың жоғарғы бөлігіндегі құрылыс  19 ғасырдың 50 жылдарынан бастап қарқынды жүре бастады. Қалалық құрылыстың өзіндік сипаты сәулет ескерткіштерінен көрінеді. Ондайларға таудағы тас ғимарат («Абылай үйі»), Подгорьедегі Қасым мешіті, Зенков, Смолин көпестерінің қоныстары және т.б, сонымен қатар 19 ғасыр аяғы 20 ғасыр басындағы ағаш және кірпіштен жасалған құрылыстар жатады. Бұл дәуірдің тұрпаттық құрылыстары болып қазір бейнелеу өнері мұражайы орналасқан ғимарат (бұрынғы Юзефович көпестің үйі),  Янгузаров көпестің үйі («Қалыңдық үйі») оған қоса орналасқан мешітпен бірге(қазіргі кездегі Жамбыл көшесі бойындағы мешіт, бұрынғы орнына салынған), Мұратов диірмені, Овсянников және А.Ганшин ағайындыларының әмбебап дүкені (қазіргі Пушкин көшесіндегі «Қазпошта» ғимараттар кешені) және т.б саналады. Тау етегіндегі собор немесе Покровский (1954 жылдан әулие Петр мен Павелдың соборлары) қаланың батыс бөлігінен кіретін жақтың көрінісін аша түседі. Оның құрылысы 1844 жылы аяқталған болатын. Шіркеулік ғимараттар орнына (мешіт, шіркеу) бұрынғы кезде келесі оқу орындары қызмет етті: мектептер, медреселер, шіркеулік мектептер, қыздар прогимназиясы, қыздар училищелері және т.б. 20 ғасыр басында Петропавл қаласында Орыс сауда өнеркәсіптік, Сібір сауда, Қоғамдық, Мемлекеттік банктердің, аурухана, жеке типография, Блюменталь кітап дүкені, театр, нақты училище жұмыс істеді. Әлеуметтік объектілер жергілікті көпестіктің меценаттығы мен шапағатының игілікті дәстүрлеріне байланысты құрылды. Петропавл қаласы транзиттік сауда-айырбас операцияларының арқасында өсіп, дамыды. Әсіресе 19 ғасырдың бірінші жартысында оның қызметінің арқасында Монғолия, Қытай, Ташкент, Қоқан, Хиуамен арадағы кедендік керуен саудасы жақсара түскен  Петропавл кеден айналымы өсті. Шетелде 19 және 20 ғасырларда қалада және қала маңында уақытылы базарлар мен жәрмеңкелер өткізіліп тұрды: Петровский- 25 маусымнан және Андреевский - 20 қарашадан, Игнатьевский - 18 желтоқсаннан (ұзақтығы 30 күнге дейін), Тайыншакөл. Тек қана мал шаруашылығы өнімдерін саудалау үшін қонақтық және айырбастау аулалары жұмыс істеді.

Әкімшілік бөлініс: облыс орталығы – 1752 жылы қаланған облыстық бағыныстағы Петропавл қаласы.  Солтүстік Қазақстан облысы құрамына Петропавл қаласы және 13 ауылдық аудандар (Аққайың, Айыртау, Ақжар, Ғабит Мүсірепов, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Тимирязев, Тайынша, Уәлиханов, Шал ақын) кіреді.

Халық саны: 2024 жылғы 1 сәуірге Солтүстік Қазақстан облысындағы халық саны 527,5 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 258,5 мың адам (49%), ауылдықтар – 269 мың адам (51%).

Жер аумағы: Солтүстік Қазақстан облысының жалпы жер көлемі 9804,3 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 7271,2 мың га. Осы санаттағы егістік алқабы 4959,5 мың га құрады және 2021 жылмен салыстырғанда қордағы жерлерден конкурстар арқылы жер пайдалануға беру және жайылымдарды трансформациялау есебінен ұлғайды. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер: Бұл жерлер 66,6 мың га жерді алып жатыр және негізінен өнеркәсіпті және халық шаруашылығының басқа да салаларын орналастыру және дамыту үшін қызмет етеді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, облыстағы сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер бүгінгі күні 134,9 мың га жерді алып жатыр. Су қорының жерлері 142,4 мың га құрайды.

Пайдалы қазбалар: Облыста пайдалы қазбалардың көптеген түрлері анықталды және әртүрлі дәрежеде зерттелді. 286 кен орны барланған. Олардың ішінде 34 - металл, 2 - металл емес, 217 - құрылыс және технологиялық шикізат және 33 - жерасты сулары, оның 6-сы минералды. Облыс аумағы Солтүстік Қазақстан уран-рудалы, алмазды және қалайы-сирек металды провинциясының құрамына кіреді. Онда минералды шикізаттың елеулі қорлары анықталды, олар Қазақстан Республикасының теңгерімінде: қалайы бойынша-65%, цирконий бойынша - 36,6%, уран бойынша - 19%, титан бойынша - 5%, вольфрам бойынша - 1,1%. Минералдық-шикізат базасын, әсіресе облыстың оңтүстік-батысында кеңейту перспективалары аса маңызды. Мұнда алтынның, күмістің, техникалық және зергерлік алмастардың, қалайының, титанның, түсті және сирек металдардың, қоңыр көмірдің бірқатар маңызды кен орындары мен кен көріністері бар. Облыста тау-кен металлургия комбинаттарын салу және әлемдегі ең ірі вольфрамның «Ақсоран», «Баян» және қалайы «Сырымбет» кен орындарын игеру бойынша 3 ірі жоба іске асырылуда. 

Су ресурстары: Облыстың су ресурстары Есіл өзенінің ресурстарынан Ақан-Бұрлық және Иман-Бұрлық өзендерінен, Сілеті, Шағалалы, Қамысты, Ащысу, Қарасу өзендерінен және басқа да су ағындарынан құралады, 2426 су қоймасы бар, 501 су қоймасы балық шаруашылығы болып табылады, оның 314-сы жалға берілген.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Қазақстан флорасы бірқатар бағалаулар бойынша 13 мыңнан астам түрді қамтиды, ал Қазақстанның фаунасы қатаң қорғалатын, сондай-ақ кәсіпшілік және шаруашылық мақсаттарда кеңінен пайдаланылатын түрлердің алуан түрлілігімен сипатталады, мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі анық көрсетілген. Эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді, бірегей эталондық учаскелерді және тұтастай алғанда табиғи экожүйелерді сақтаудың неғұрлым тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құру және оның жұмыс істеуі болып табылады. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әкімдіктің қарамағындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: 6-республикалық және жергілікті маңызы бар табиғи қаумалдар (Согров, Смирнов, Мамлют, Орлиногор, Ақжан, Ақсуат); 4-мемлекеттік табиғат ескерткіштері (Сосновый бор, Серебряный бор, Жаңажол, «Бүркіттау» шоқысы» және «Қайнар көз» мемлекеттік табиғат ескерткіші). Орман шаруашылығын жүргізудің басты мақсаты биоалуантүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту болып табылады. 

Өнеркәсіп: Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең үлкен көлемдер өңдеу өнеркәсібіне – 82% және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 11,1%. Облыс өндірісінің жалпы көлеміндегі тау-кен өнеркәсібінің үлесі 3,2% құрайды. 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Облыстың өнеркәсіп секторы 647,6 млрд. теңге сомасына өнім шығаруды қамтамасыз етті, нақты көлем индексі 114,4% құрады. Машина жасау саласы. Бүгінгі таңда салада үш негізгі бағыт қалыптасты – мұнай-газ, теміржол және энергетикалық машина жасау. Өндіріс көлемі Қазақстан Республикасының жетекші кешендерінің қажеттіліктері үшін импортты алмастыратын өнім шығару есебінен ұлғайтылады.

Ауыл шаруашылығы: Облыс шаруашылықтары жемшөп, майлы дақылдар мен картоптың тұқымымен толық көлемде қамтамасыз етілген. Облыста агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қайта жарақтандыру мәселелеріне қатысты елеулі өзгерістер болды. Аграрлық секторды қарқынды дамытудағы басым бағыттардың бірі - оның техникалық жарақтандырылуы болып табылады. Сапалы, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім өндірудің заманауи технологияларын енгізу мақсатында ірі және орта тауар өндірісін құру бойынша жұмыс жалғасуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында кәсіпорындар жаңғыртылуда, жаңа кәсіпорындар ашылуда. Петропавл қаласында «Масло-Дел» ЖШС ашыған сүт өнімдерін өндіру және оның қаптамасы бойынша жаңа желілерді   іске қосты. «Евразиан Милк» ЖШС зауытын қайта құрудың бірінші кезеңі өткізіліп, сары май, қаймақ және ірімшік өндіру желілері іске қосылды. Қуаттылығы жылына 370 мың тонна шикізатты қайта өңдейтін «Масло-Дел» ЖШС ірі май экстракциялық зауытының құрылысы басталды, 1-ші кезеңді іске қосу 2023 жылдың 4-тоқсанында жоспарланған. «Зеленый Север» ЖШС жылыжай кешенінің құрылысы жалғасуда, 3,7 га алаңда қияр (жылына 1319 тонна), қызанақ (жылына 1460 тонна) және салат (жылына 170 тонна) өсіріледі. Облыста 100-ден астам агроқұрылым сүт өндірумен айналысады. 277-ден астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 13,3 млрд.теңгеге 8 тауарлы сүт фермасы пайдалануға берілді. Облыста нарықта жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны  33 066 бірлікті құрады, оның ішінде: заңды тұлғалар – 6,9 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,7 мың бірлік, жеке кәсіпкерлер – 21,5 мың бірлік.

Білім беру: Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту - Облыс бойынша мектепке дейінгі мекемелер желісі - 473 бірлікті құрайды, оның ішінде 76 балабақша, 8 «мектеп – балабақша» кешені және 389 шағын орталық. 3-6 жас аралығындағы қамту пайызы – 100% құрады.Облыстың барлық жалпы білім беретін мектептері Интернет желісіне 100%, кең жолақты Интернетке 461 мектеп (100%) қосылған. Облыста 24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Кадрларды даярлау өңір экономикасының мынадай салалары: құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика, машина жасау, қызмет көрсету саласы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және өнер, байланыс және ақпараттандыру үшін 70 мамандық және 122 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Өндіріс қажеттіліктеріне бағытталған оқу процесін ұйымдастыру мақсатында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап облыс колледждері 57 мамандық бойынша жаңа білім беру бағдарламаларына (модульдік, кредиттік-модульдік оқыту технологиялары) көшті, онда толық оқу курсын аяқтағаннан кейін түлектер 2-3 ұқсас біліктілік алады, бұл оларға еңбек нарығында жақсы бейімделуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау: Облыстың денсаулық сақтау жүйесі 19 аурухана ұйымынан, 63 амбулаториялық-емханалық ұйым, олардың ішінде 58 дәрігерлік амбулаториядан, 403 медициналық пункт пен 41 фельдшерлік – акушерлік пункттан тұратын медициналық ұйымдар желісінен құралады.

Спорт: Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен 215 057 адам айналысады немесе облыс халқының жалпы санының 40,2% пайызы, 2021 жылмен салыстырғанда 28 969 адамға артты немесе 5,7% (2021 жылы –186 088 адам немесе 34,5%). Облыс бойынша 1200 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оған 230 мың адам қатысты. Облыстық халық спорт ойындары аясында 2022 жылы 5 мыңнан астам адам қатысқан мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Надежда» облыстық спартакиадасы, «Ақ бидай» облыстық жазғы спорттық мерекесі, ұлттық спорт түрлерінен «Қызылжар» фестивалі, жастар арасында «Жастар» облыстық спартакиадасы, «Солтүстік» қысқы спорт мерекесі өткізілді. Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға көбірек қамту мақсатында, облыста 27 БЖСМ, жоғары спорт шеберлігі мектебі, облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған  мектеп-интернат-колледжі, олимпиада резервін дайындау орталығы, БЖСМ-мен жұмыс жөніндегі облыстық дене шынықтыру-спорт орталығы, 11 БЖДДК және 25 аула клубтары жұмыс істейді, оған 21 мыңнан астам адам айналысады. Білім беру ұйымдарында спорт секцияларымен 23 мың бала қамтылды. Мемлекеттік спорттық тапсырыспен спорттың 19 түрі бойынша 3 мыңнан астам бала қамтылды (каратэ, дзюдо, таеквондо, бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, футбол, жүзу, көркем гимнастика, спорттық би, теннис, үстел теннисі, шахмат, волейбол, баскетбол, конькимен жүгіру спорты, шаңғы жарысы, қазақ күресі, пауэрлифтинг), олармен 43 өнім беруші жұмыс жүргізеді. Облыс бойынша өнім берушілер алдында берешек жоқ. Өңірде дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысу үшін 2 933 спорт ғимараты жұмыс істейді.

Мәдениет: 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 593 ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 499 мемлекеттік:

  • 264 клубтық үлгідегі мәдениет мекемелері, оның ішінде:  171 мемлекеттік;
  • 318 кітапхана, оның ішінде: мемлекеттік – 317, Аққайың ауданы, Дайындық ауылы бойынша 1 жекеменшік;
  • 4 мұражай (5 филиал), мемлекеттік;
  • 1 мұрағат (14 филиал), мемлекеттік;
  • 3 мемлекеттік театр;
  • 1 облыстық филармония, мемлекеттік
  • 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы, мемлекеттік;
  • 1 тілдерді оқыту орталығы, мемлекеттік.