Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Павлодар облысы — 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Абай және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Жер аумағы 124 755 км².

Халық саны: 2024 жылғы 1 сәуірге облыс халқының саны 753,5 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 533,6 мың адам (70,8%), ауылдықтар – 219,9 мың адам (29,2%). Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 416 адамды құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 696 адам).

Әкімшілік бөлінісі: облыс құрамына 10 аудан, 3 облыстық маңызы бар қала (Павлодар, Екібастұз, Ақсу), 7 кент, 165 ауыл округы және 408 ауыл кіреді.

Облыс халқының саны – 755,4 мың адам. 

Қалаларда, мың адам:

  1. Павлодар - 367
  2. Екібастұз - 145
  3. Ақсу – 72

Аудандарда, мың адам:

  1. Ақтоғай - 12,8
  2. Баянауыл - 23,7
  3. Железин - 15,2
  4. Ертіс - 17
  5. Тереңкөл - 19,9
  6. Аққулы - 12,5
  7. Май - 10,4
  8. Павлодар - 26,7
  9. Үспен - 12,5
  10. Шарбақты – 18,9

Салалық статистика: 2024 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1059857,9 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 6,5% көп. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу өндіріс көлемі – 1,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 9,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 4,5% өсті, сумен жабдықтауда; су бұру; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою бойынша қызметте – 16,8% төмендеді.

2024 жылғы қаңтар- сәуірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымын 64181,8 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар- сәуірмен салыстырғанда 101,2% құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде көліктің барлық түрлерінің жүк айналымы 9195,6 млн. ткм-ді құрады, (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2023 жылдың қаңтар-сәуірден салыстырғанда 100,5% құрады. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 14472 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар 14117 бірлік құрады.