Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Абай облысы Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан, шекаралас аймақ болып табылады.

Облыс, шығысында Шығыс Қазақстан облысымен, оңтүстігінде Жетісу облысымен, батысында Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Павлодар облысымен, солтүстігінде Ресеймен (Алтай өлкесі), оңтүстік - шығысында Қытаймен (Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданы) шектеседі.

Облыстың аумағы 185,5 мың шаршы км құрайды, 1 шаршы километрге халықтың тығыздығы - 3,3 адам.

2023 жылдың 1 қаңтарына халық саны - 610,2 мың адам, оның ішінде қалалық – 370,7 мың адам (60,7%), ауылдық – 239,5 мың адам (39,3%).

Әкімшілік бөлініс: Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын және Семей, Курчатов қалаларын бөлу жолымен Абай облысы құрылды.

Жаңа шекарада облыс 2 облыстық маңызы бар қалалардан (Семей, Курчатов), 8 ауданнан (Абай, Ақсуат, Аягөз, Үржар, Көкпекті,  Жарма, Бесқарағай, Бородулиха) құралады. Оның ішінде 2 аудандық маңызы бар қалалардан (Аягөз, Шар) 134 ауылдық округтерден, 2 кенттен, 325 ауылдық елді мекендерден тұрады.

Өнеркәсіп: Экономиканың негізгі саласы - түсті металлургия, машина жасау және металл өңдеу, ауыл шаруашылығы, ағаш және ағаш өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

Облыста машина жасау кәсіпорындарының белгілі бір шоғырлануы бар, олардың ішіндегі ең ірілері «Семей машина жасау зауыты» АҚ, «DAEWOO Bus Kazakhstan» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан кейін - ЖШС), «СемАЗ» ЖШС, «Семей механикалық зауыты» ЖШС және «Семей Инжиниринг» АҚ болып табылады.

Тау - кен металлургия кешенінде 15 жуық кәсіпорын өз қызметін жүзеге асырады, олардың ішіндегі ең ірілері – «ФИК» Алел» АҚ, «Қаражыра» АҚ, «БАСТ» АҚ және «KazMinerals Аktogay» ЖШС. Құрылыс индустриясында – «Цемент зауыты» ЖШС және «Силикат» ЖШС.

Абай облысының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2023 жылдың 8 айында 946,4 млрд. теңгені құрады.

Тау-кен өнеркәсібінде өсу қарқыны 127% құрады. 2023 жылдың 8 айында өндіру 566,9 млрд теңгені құрады.

Өңірде өнеркәсіптің негізгі үлесін металл кендерін өндіру алады-55,6%.

Металлургия саласының негізгі кәсіпорындары «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС, «Шығыстүстімет» ЖШС, «Баст» АҚ, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС болып табылады.

Өңір экономикасының секторларының бірі облыстың машина жасау кешені болып табылады, оның өнеркәсіп көлеміндегі үлесі 6,4%  құрайды. Негізгі кәсіпорындар «СемАз» ЖШС, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС.

Өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі үлесі бар металлургиялық өндіріс -10,6% % құрайды, 2023 жылдың 8 айында 100,7 млрд теңге сомасына өнім өндірілді.

Ағаш өңдеу өнеркәсібінде 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында сала кәсіпорындары 12 млрд теңгеге өнім, жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2023 жылдың 8 айында 2,8 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді.

Спорт: Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы халықтың барлық санаттары арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту үстінде, спорт резервін дайындауға жәрдемдесіп, жоғары санатты спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру бойынша жұмыс істеуде және спорттың материалдық-техникалық базасын нығайтуда.

Облыс бойынша спорт саласында барлығы 14000 аса адамды қамтитын 23 ұйым жұмыс істейді:

- 14 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі;

- Олимпиадалық резервті дайындау орталығы;

- Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі;

- Бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі;

- Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері;

- Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Клуб;

- Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы;

- Олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы;

- Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы;

- Ұлттық спорт түрлері орталығы.

Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың маңызды мәселелері инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Өңірде 948 спорт ғимараты жұмыс істейді. Оның ішінде: 1 стадион, 20 спорт кешені, 11 жүзу бассейні, 385 спорт залы, 1 ату тирі, 1 теннис корты, 435 жазықтық құрылым, 75 хоккей корты, 7 ипподром, 12 кіріктірілген спорт залы.