Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Павлодар облысы — 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Абай және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.

Жер аумағы 124 755 км².

2022 жылдың 1 тамыздағы деректер бойынша тұрғын саны 755 057 адам. 2022 жыл басына Павлодар облысы халқының жекелеген этностары бойынша саны: қазақтар 405 134, орыстар - 255 049, украиндар - 29 255, немістер - 19 290, татарлар - 13 606, белорустар - 3 904, молдовандар- 2 209, шешендер - 1 820, әзербайжандар - 2 235, ингуштер - 1 730, башқұрттар - 1 248, көрейлер - 1 029 адам және т.б. ұлттар.

2022 жылғы I тоқсанда үй шаруашылығының қорытындысы бойынша 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 398,7 мың адамды құрады. Облыс экономикасында 379,6 мың адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 66,5%. Жұмыспен қамтылған халық - 379 634 (ерлер - 187 769/ әйелдер 191 865), жұмыссыз халық саны - 19 017. Жұмыспен қамтылғандардың көп бөлігі өз қызметін өндірісте (23%), ауыл шаруашылығында (15,8%), сауда саласында (14%), білім беруде (11,5%) сияқты экономикалық қызметтер түрлерінде жүзеге асырды.

Жоғары және орта кәсіптік (арнаулы) білімі барлар 342,8 мың адамды құрады, бұл жұмыспен қамтылған халықтың 90,3%. Ерлермен салыстырғандағы жоғары және орта кәсіптік білімі бар жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі жоғары.

Павлодар облысындағы 2022 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша тіркелген ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер саны:

  • «Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер ұсыну» бойынша 688 заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер;
  • «Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер ұсыну» бойынша 2 227 дара кәсіпкерлер;
  • Шаруа немесе фермер қожалықтары - 3 888;
  • Кенттің, ауылдың, ауылдық округтердің үй шаруашылықтары - 65 728.

2022 жылғы қаңтардағы ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы облыс бойынша 10,4 млрд. теңгені құрады, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі – 10,4 млрд. теңге. Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 99%. 2022 жылғы қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің төмендеуі мал мен құс етінің өндірісі –3,2%-ға және жұмыртқаның өндірісі – 2,9% -ға кемуіне байланысты. 2022 жылғы қаңтардағы ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы: ауыл шаруа-шылығы - 10 399,8 млн. теңге, өсімдік шаруа-шылығы - 339,2 млн. теңге, мал шаруа-шылығы - 10 060,6 млн. теңге.